Жап-жаңа тақиялы интро | Әмбебап Анимация (2021)

0 Просмотры
Издатель
✅ ТАҚИЯЛЫ ЖАҢА ИНТРО

Ассалаумағалейкум оқырман бауырлар! Бүгіннен бастап жобаны қолдау үшін жазылған төлем картасын өшіремін. Осы күнге дейін қаржылай қолдау білдірген бауырларыма алғыс айтамын. Ернар С - 6700 тг, Нұралы Н - 2000 тг, Парасат У - 1000 тг, Перизат М - 1000 тг, Абдумалик С - 500 тг, Ерзат Ә. - 556,52 тг. Жалпы - 11 756,52 тг!

Әуел баста егер жақсы қолдау болып жатса, тек рухани-танымдық мультфильм жасаумен ғана айналысып, бар күш-жігерімді соған жұмсаймын деп ойлағанмын. Алайда бұл менің еңбегімді ақтамайды. Сол себепті көбірек коммерциялық мультфильм жасаумен айналысып, түскен қаржыға жобаға қажетті жабдықтар сатып алуым керек.

Абай Құнанбайұлы атамыздың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» деген сөзін басшылыққа ала отырып, тек коммерциялық анимациялық роликтермен ғана шектелмей, арасында халыққа ой саларлық рухани-танымдық мультфильмдерді де жасауға тырысамын.

Жаңа бағыттағы жобаның жап-жаңа тақиялы интросы қалай шықты? Ұнады ма сіздерге? Айтпақшы, бұдан былай мультфильм жасауға тапсырыс қабылдаймын. Таныс-тамырларыңызға айта жүріңіздер! #ӘмбебапАнимация

???? РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ МУЛЬТФИЛЬМДЕР ЖАСАЙМЫН

Абай Құнанбайұлы атамыздың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың» деген сөзін басшылыққа ала отырып, тек коммерциялық анимациялық роликтермен ғана шектелмей, әрі халыққа ой саларлық рухани-танымдық мультфильмдерді де жасаймын!

???? ТАПСЫРЫС БОЙЫНША: ambebup@
Категория
Игры
Комментариев нет.